Париж Олимпиадасында бокс бәсекесі аяқталды.
Өзбекстан Олимпиадада 8 алтын еншілеп, түркі елдері арасында көш бастады
Olympic.uz
2,209
оқылды

Соңғы болып ерлер арасындағы аса ауыр салмақтағы жеңімпаз анықталды, деп жазады Aikyn.kz.

Өзбекстандық Баходир Жалолов финалда Испания боксшысы Айюб Гадбаны айқын басымдықпен жеңді. 

Бірінші раундта төреші Гадбаға екі нокдаун да ашты.

Осылайша, Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Жекпе-жектен кейін спортшы әуесқой бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлім етті. 

Ол жейдесін шешіп, енді кәсіпқой бокста әлем чемпионы атануға сөз берді.

Өзбекстан бокстан Парижде жеті салмақта бесеуінде топ жарды. Бүгін Баходирден бөлек, 57 келіде сынға түскен Абдумалик Халоков та жеңіске жетті. Финалда ол қырғыз боксшысын жеңді.

Сонымен Өзбекстан құрамасы жалпы есеп бойынша 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен 13-орынға көтерілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.