Қалада кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлаған жөн.
Астанада екі үлкен даңғылды жалғайтын жол уақытша жабылады
843
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Алау» мұз сарайы тарапынан «Астана Арена» маңындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатының төсемі бойынша жұмыс жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Осыған байланысты 12-13 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы ашық және автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады, – делінген хабарламада. 

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.