Еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады.
Жаңбыр, бұршақ, 38 градус ыстық: 13-15 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
2,775
оқылды

"Қазгидромет" РМК 13-15 тамызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады. Қатты жаңбыр 13 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында термометрлердің бағандары +18+26°С-тан +22+33°С-қа дейін ауытқиды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.