Алматыда 15-18 тамыз аралығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірім ұлдар жә­не қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді. Ха­лықаралық жарысқа 6 елдің құтқарушылары қа­тыспақ.
Алматыда әлем чемпионаты өтеді
1,050
оқылды

«Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт фе­де­рациясы» ҚБ бас маманы Еркежан Тө­леген спорттың осы түрінен ха­лық­аралық жарыстарды ұйым­дас­тыруда еліміздің мол тәжірибесі бар екенін айтты.

«2014 және 2021 жылдары біз ер­лер мен әйелдер арасында әлем чем­пионаттарын өткіздік. 2018 жы­лы Алматы қаласында ерлер мен әйел­дер арасында халықаралық жа­рыстар өтті. Енді алғаш рет Алма­ты қаласында жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында әлем чемпио­натын өткізетін боламыз», – деді ол.

Чемпионат төрт бағыт бойынша өт­кі­зіледі. Олардың екеуі жеке бі­рін­шілік болса, екеуі командалық сайыс. Халықаралық жарыстың ашылу салтанаты 15 тамызда сағат 19.00-де Орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде өрт сөндіру-құтқару спорты бойын­ша 20 ерлер, 14 әйелдер және 16 ж­а­сөспірімдер командасы бар.