Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды.
Балқаш қаласын жылытуға бөлінген 708 миллион теңгені жымқырғандар сотталды
Фото: Максим Морозов
1,231
оқылды

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі тергеп-тексерді. 

 Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз  етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған.  

Жалпы сомасы 708 млн теңге болатын ұрланған қаражат оны пайдаланудан кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды,  делінген ақпаратта.

Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды. Сондай-ақ мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.