Аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне шағым жолдаған.
Қарағанды  облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды
1,052
оқылды

Қарқаралы ауданының прокуратурасы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Нәтижесінде, «Алтай Полиметаллы» ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған байланысты тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне шағым жолдаған. 

Нәтиже кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.

Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабы  1-бөлігі және 328-бабы 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды,  делінген облыстық прокуратура мәліметінде.

Сонымен қатар сот орындаушысы Серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.