Экономикасы қарқынды дамыған көптеген мемлекет ішкі нарықты қолдау және қорғау саясатын белсенді жүргізеді.
Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады – Олжас Бектенов
725
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстана отырып, отандық өндіріске қолдау көрсететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір салалық министрдің міндеті. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс.
Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді»,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экономикасы қарқынды дамыған көптеген мемлекет ішкі нарықты қолдау және қорғау саясатын белсенді жүргізетінін атап өткен жөн. Халықаралық валюта қоры мұндай қорғау шараларының жартысына жуығы Қытай, Еуропалық одақ және АҚШ экономикаларына тиесілі екенін айтты.