Қосымша ғимаратта үш бастауыш сынып пен мектеп мұражайы орналасады. 
Екібастұздық кәсіпкер 35 миллион теңгеге ауылдағы мектепті жаңартты
1,346
оқылды

8 тамыз күні «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының депутаттық фракциясы ардагерлер жұртшылығымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп Зеленая Роща ауылына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Зеленая Роща ауылында Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, «Табыс» шаруа қожалығының басшысы, осы ауылдың тумасы Манат Алғамбаров қаржыландыратын мектеп ғимаратына қосымша құрылыс аяқталуда. Мектепке ардагер және мектеп директоры Қажыбек Алғамбаровтың есімі берілген, ол – Манат Алғамбаровтың әкесі.

Қосымша ғимаратта үш бастауыш сынып пен мектеп мұражайы орналасады. 140 шаршы метр қосымша үй-жайды салу үшін Манат Алғамбаров шамамен 35 миллион теңге жұмсаған.

Бұған дейін Манат Алғамбаров спорт залын мектеп ғимаратына бекіткен болатын.

Манат Қажыбекұлы туған ауылына ерекше ықыласпен және сүйіспеншілікпен қарайды.

«Балаларды оқыту үшін лайықты жағдайлар жасау-білім беруге және біздің өңірдің болашағына жақсы инвестиция. Бүгін менің туған ауылымның ересектері мен балаларына жақсы жағдай жасауға мүмкіндігім бар екеніне қуаныштымын. Ауыл болашақтың бастамасы», – деп атап өтті Манат Алғамбаров. 

Бастауыш мектеп кабинеттері толық көлемде жабдықталған, бірақ мектеп басшылығы депутаттарға пәндік кабинеттерді заманауи жабдықтармен жаңартуға көмек сұрады.

Зелёная Роща перспективалы ауыл болып саналады, соңғы жылдары ауылда 12 жаңа үй салынды. Халық саны өсуде. Қазір мұнда төрт жүзге жуық адам тұрады, жергілікті тұрғындар мал өсірумен айналысады. 

«Манат Қажыбекұлы-көптеген кәсіпкерлер үшін үлгі. Ол мектепке қаражат салып қана қоймайды. Оның бастамасының арқасында Зеленая Роща ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушыларды еске алуға арналған ескерткіш салынды. Ол Исабек Ишан кесенесінің аумағында қонақ үй кешені мен мұражай салудың негізгі меценаты болды. Ауылдың дамуына билік те, кәсіпкерлер де ықпал етуі тиіс», – деп атап өтті партиялықтар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.