Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:1, 6:3.
Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыста белгілі теннисшіні ұтты
Фото: ҚТФ
1,257
оқылды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы, 24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 306, осы жарыстың 7-ракеткасы, канадалық Карсон Брэнстинмен кездесті.

Матчты канадалық спортшы сәтті бастады – 6:3. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:1, 6:3. 

Тартысты өткен бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды. 

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 351-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбоко немесе рейтингіде 431-сатыдағы франциялық Сара Цакаревичтің жеңгенімен ойнайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.