Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.
Білім саласы – жіті назарда
754
оқылды

Атырау облыстық мәслихатының депу­таты, аталмыш кеңес төрағасы Саламат Ид­ри­сов жүргізген отырысқа кеңес мүше­­лері, облыстық Білім беру басқармасы басшы­­сының орынбасары Света Аман­шиева және қалалық, аудандық білім бөлі­мінің басшы­­лары мен облыстық Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департа­ментінің басшысы Бердібек Таишев онлайн қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жыл­дарға арналған «Халықпен бірге!» сай­лауал­ды бағдарламасын іске асыру аясында алдағы оқу жылына жаңа оқушы орын­дарын құру, Қазақстан Республикасы Презид­ентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әр­дайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында алдағы оқу жылына арналған білім беру сапасын жақсарту жөніндегі шаралар, сапалы білім беру жағдайын жасау және жас мамандардың жұмысқа орналасу көрсеткіші төңірегіндегі мәселелер қа­ралды. 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аман­шиева баяндама жасады. Белгілі болғандай, биыл 11 мектепте күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілуде.

Атырау облысы бойынша жергілікті жерде кадр тапшылығын шешу мақсатында 2017 жылдан бері атқарушы органдардың сұранысына орай білім беру гранттары бөлініп келеді. Биылғы 2024-2025 оқу жы­лында педагогикалық мамандықтарға 41 грант бөлінген.

Ал 2022-2023 оқу жылында Атырау облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлек­терінің контингенті 4 798-ді құрап, оның 3 297-сі жұмысқа орналасқан.

Биылғы 2023-2024 оқу жылы колледж­дерді 5 516 түлек бітіріп, олардың бүгінде 51 пайызы жұмысқа орналасқан. Толық жұмысқа орналасу туралы ақпарат қазан айындағы жылдық есепте нақтыланбақ. 

Аталған жиында кеңес мүшелері үш ауысымды мектеп, күрделі жөндеудегі мектептердің уақытылы іске қосылмауы, мердігер мекемелердің жауапсыздығы, кітаптармен қамтамасыз ету, жас маман­дардың жұмыспен қамтылуы, балалардың 1-сыныпқа орналасуы және басқа да мә­селелер бойынша сұрақтар мен ұсыныс­тарын айтып, алдағы уақытта жұмысты тиімді жүргізу туралы ұсыныстар берілді.

Берік БЕК