«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Жемқорлықты бөгеудің жолдары талқыланды
717
оқылды

Басқосуға «AMANAT» партиясы Пар­тиялық бақылау департаментінің инс­пекторы Венера Есілбаева, партияның об­лыстық филиалының төрағасы Дауыл Бей­сенқұлов және партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты. 

Кеңестің күн тәртібінде міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін азайту туралы Жамбыл облы­сы көлемінде жүзеге асырылу жолдары шығарылды. 

Аталған мәселе бойынша ең алдымен облыс әкімдігі Денсаулық сақтау бас­­қармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның сөзінше, міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру саласына облыс бо­йынша бюджеттен 131,8 млрд теңге қарас­тырылған. Бүгінге дейін ол қаржының 4 255,9 млн теңге игеріліпті. 

Сондай-ақ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Ғани Аймағанбетова да хабарлама жасап, өңірде міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына тоқталды. Филиал басшысы салада сыбайлас жем­қорлық тәуекелдері болғанымен, ешқандай деректер тіркелмегенін жеткізді. 

Ал өз кезегінде «AMANAT» партиясы Пар­­­­тиялық бақылау департаментінің инс­пекторы Венера Есілбаева аталған сала­да жемқорлықты болдырмау жолында ат­қа­рылатын іс-шаралар легіне тоқталды. Со­нымен қатар ол тиісті органдардан ұтым­ды ұсыныстар күтетінін жеткізіп, бірлесіп жұ­мыс істеуге шақырды.

Берік БЕК