Олардың барлығы жұмыстан босатылды.
Маңғыстау облысында 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген
2,111
оқылды

Маңғыстау облысы Білім басқармасы аймақтағы білім ошақтарындағы қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жүргізді. Екі жылдың нәтижесінде 60 мұғалімнің бірнеше жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Oблыстық Білім басқармасының мәліметінше, олардың барлығы жұмыстан босатылған.

– Облыс педагогтерінің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, –  делінген Білім басқармасы таратқан ақпаратта.