Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі.
Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді
2,062
оқылды

Астана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 850-ге жуық білім грантын бөлді. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған. Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асыруда.

Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі. 

Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнында орналастырылды: 

  1. «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;
  2. «Астана халықаралық университеті» ЖШС;
  3. «А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»;
  4. «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;
  5. «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ; 
  6. «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
  7. «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» КЕАҚ;
  8. «Астана медицина университеті» КЕАҚ.

Білім беру грантына конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.