Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Үндістан президентін  Тәуелсіздік күнімен құттықтады
528
оқылды

Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.  Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті.

Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.  Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.