Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Нөсер жауын, бұршақ, жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
2,919
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 17, 18 және 19 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы  тұрақсыз болады.

Солтүстік-батыс циклоны әсерінен найзағай ойнап, қатты жел соғады, жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстік-батыста, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр күтілуде.

«Ауа температурасы республиканың батысында түнде +10+20, күндіз +25+33, елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде +8+18, күндіз +15+23, орталықта түнде +8+18, күндіз +20+28, шығыста түнде + 10+18. Күндіз температура +25+35-тен +18+28-ге дейін төмендеуі күтіледі, оңтүстікте түнде температураның +18+23-тен +13+20-ға дейін төмендеуі, күндіз +28+36, оңтүстік-шығыста түнде +20+25-тен +13+20-ға дейін төмендеуі, күндіз +28+37-ден +23+30 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», делінген хабарламада.