Бұл ретте қозғалыс қоса берілген схемаға сәйкес екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.
«Астана жұлдызы» айналма жолында көлік қозғалысы шектеледі
Фото: istockphoto.com
858
оқылды

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Астана жұлдызы" айналмасы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті. Осыған байланысты 17-19 тамыз аралығында айналма жол қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл ретте қозғалыс қоса берілген схемаға сәйкес екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.

"Астана жұлдызы" айналмасына жоғарғы қабатты төсеу 17 тамыздан 18 тамызға дейін;

- Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен "Астана жұлдызы" айналмасына дейін;

- Қабанбай батыр даңғылы Хусейн бен Талал көшесінен "Астана жұлдызы" айналмасына дейін.

"Астана жұлдызы" айналмасы жоғарғы қабатты төсеу 18 тамыздан 19 тамызға дейін;

- Қабанбай батыр даңғылы (әуежай) Мәңгілік Ел даңғылынан "Астана жұлдызы" айналмасына дейін;

- Астананың оңтүстік-батыс айналма жолынан "Астана жұлдызы" айналма жолына дейін (Қосшы қ. тарапынан).

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», – делінген хабарламада.

Фото: gov.kz

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.