Елорда іргесіндегі Мичурино тұрғын үй алабында Batyrlar әскери-патриоттық ор­та­лығы жұ­мыс істейді. Шекарашылар күні қар­­саңында осы орталық жанынан ше­ка­ра қыз­метіне қызығушылық танытқан жа­­­­­сөс­пірімдер үшін шағын қалашық ашыл­­ды.
Жас шекарашылар қалашығы ашылды
602
оқылды

Бұған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз­меті және «Әскери-патриоттық және іздестіру қоз­ғалысы қауымдастығы» республикалық қоғам­дық бірлестігі ұйытқы болған. «Батырлар» әскери мектебі жанынан ашылған нысан өскелең ұрпақты ел­жанды етіп тәрбиелеуге ықпал етеді дейді ма­ман­дар.

«2023 жылы қаңтар бірнеше запастағы офицер, ге­нерал болып осы қоғамды аштық. Қалалық әкім­дік Мичуринодағы бұрынғы мектеп ғимаратын біз­ге 10 жылға берді. Мен қарулы күштерге, ше­ка­ра­­шыларға, Ұлттық ұланға хат жазып, осы ғи­ма­ратты әскери дайындық өткізуге пайдалануға бе­ре­тінімізді айттық. Болашақта осы орталықта кадрлар даярлау үшін. Бүгін орталық аумағында ш­екарашылар қалашығы ашылып жатыр», – деді Әскери патриоттық және іздестіру қозғалысы рес­пуб­ликалық қоғамының төрағасы Аманжол Ораз­баев. 

Шағын қалашық шекара қызметі құралдарымен жаб­дықталған. Орталыққа балаларды 7-сыныптан бастап қабылдайды және оқу-жаттығу тегін. 

«Басқа қарулы күштерге, төтенше жағдайлар, Ұлттық ұлан сарбаздарына есігіміз ашық, орын бә­ріне жетеді. Балалар орталыққа аптасына үш рет келіп, әскери шынығу жаттығуларын өткізеді. Тағы бір айта кететін жайт, бұл жерге оқушылар мек­теп­тен тыс уақытында келеді. Біздің әскери оқыту­шы­ларымыз бар. Сонымен қатар былтыр «Арыстан» ма­мандандырылған орталығымен меморандумға қол қойдық, ай сайын Арыстанның жігіттері ба­ла­ларға тактикалық және практикалық жаттығу өт­кізе­ді», – дейді ол.

Сондай-ақ салтанатты іс-шара барысында оқу­шылар оқу-жаттығу түріндегі қойылым көрсетті. Сонымен қатар әскери-патриоттық орталықтың тех­никалық-материалдық базасы таныстырылды.