Жамбыл облысында жол апатынан екі полицей мен бірнеше жолаушы көз жұмды.
ІІМ басшысы жол апатынан көз жұмған полицейлердің отбасына көңіл айтты
Фото: Facebook/Ержан Саденов
862
оқылды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысында жол апатынан көз жұмған полицейлердің отбасына көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Олардың елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу барысы менің жеке бақылауымда», – деп жазды Ержан Сәденов.

Айта кетейік, Жамбыл облысында жол апатынан екі полицей мен бірнеше жолаушы көз жұмды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.