Өнер иесі желі қолданушыларына өнегеге толы оқиғаны баяндап берді.
«Бәле іздемей, өмірімізді керемет өткізейік»: Сәкен Майғазиев оқырмандарына ой салды
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev
6,865
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиев оқырмандарын әрдайым жақсы сөз айтуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Өнер иесі желі қолданушыларына өнегеге толы оқиғаны баяндап берді.

“Бір наубайшы кейбір нан сатып алушылардың өзіне берген ақшаның жалған екенін біле тұра, байқамаған болып, нанды бере береді екен. Өлім сәті жеткенде төсек тартып жатқан наубайшы Аллаға жалбарынып жатқан көрінеді: “Я, Раббым! Сен бәрін білушісің. Қаншама адам мені “алдап соқтым” деп жалған ақша беріп тұрса да, мен нанымды тегін таратып, адамдардың қалағанын бердім. Енді мен де сенің алдыңа жалған құлшылықтарыммен келе жатырмын. Бетіме баспай, қабыл қылғайсың” депті”, – дейді әнші. 

Ол оқырмандарын жақсылыққа шақырды. 

“Ораза, намазымызды жүрдім-бардыммен, өмірімізді өсек-аяңмен өткізіп, жалған жалбарынып жүрген біздерді Алла тағала өз мейірімімен кешіргей. Қаңқу әңгімеге құлағымыз түріліп, құлшылықтарымыздың құнын кетіріп, тесік тостаққа сауап жинап жүргендейміз. Ендеше, қалған өмірімізді өсек, ғайбат айтпай, жанжалдаспай, бәле іздемей, қайырлы, құтты, берекелі, мерекелі, керемет етіп өткізейік”, – деп жазды өнер иесі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.