Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірген
НеМолчиKZ
1,376
оқылды

Алматыдағы "Асылтау" тұрғын үй кешендерінің бірінде әйелді күйеуі ұрып өлтірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы 17 тамызға қараған түні "НеМолчиKZ" қорына хабарлама түскен.

Қор мәліметінше, әйел ғимараттағы 14-15-қабаттарды жинап, тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген. Сағат 17:00-де тұрғын үй кешеніне полиция мен жедел жәрдем келді.

"Біздің Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің бір қызы бар, жасы 45-те еді. Мен оны күнде көретінмін, сондай ұқыпты еді. Екі үйдегі 14-15-қабатқа дейін тап-таза етіп, жинап шығатын”, – деп жазды тұрғындардың бірі.

Алматы Полиция департаменті қайғылы оқиғаны растап, іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Алматы Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.