Спортшы үйлену тойын қыркүйек айына жоспарлап отыр.
Нариман Құрбановтың болашақ жары кім?
Фото: instagram.com/aida_bauyrzhanova
935
оқылды

Нариман Құрбанов гимнаст Аида Бауыржановамен отау құрмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", – деді спортшы.

Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде басталғанын айтты. Содан бері бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып жүрген.

"Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажырамадық. Менің сүйіктім Аида да гимнаст, біз бірге спорт әлемінде шыңдарды бағындырамыз", – деді гимнаст.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.