Бала құлап кеткенде ата-анасы ұйықтап жатқан.
Алматыда үш жасар бала 7-қабаттан құлап, көз жұмды
1,136
оқылды

Алматы қаласының Алатау ауданында үш жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Редакция оқырмандарының мәліметінше, қайғылы оқиға Райымбек даңғылының бойындағы Ақкент шағын ауданында болған. Бала ата-анасынан бұрын оянып, олар ұйықтап жатқанда жетінші қабаттағы терезеден құлап, мерт болған.

Алматы қаласы Алатау ауданының Полиция басқармасы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Осы ретте ТЖМ қазақстандықтарды балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс механизмдерін орнатуға шақырады.

Сондай-ақ, ТЖМ москит торлары құлаудан қорғамайтынын да еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.