Бұл кеште Димаш лирикалық ән мен би жанрындағы үлкен музыкалық формаларды орындап, қытайлық көрермендерді өнерімен баурап алды.
Қазақ бүркіті: Димаш Құдайберген Қытай жұртшылығын тағы да тәнті етті
Фото: dimashnews.kz
2,535
оқылды

18 тамызда Қытайдың Dragon TV арнасында “我们的歌 Our Song” / “Біздің ән” ауқымды эстрадалық шоуының кезекті бөлімі көрсетілді. Бағдарлама әртүрлі жас пен стильдегі өнерпаздармен серіктестік құру үшін Қытайдан және басқа елдерден музыканттардың бірнеше буынын шақырады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz dimashnews.com-ға сілтеме жасап. 

Бұл жоба арқылы әртүрлі музыкалық мәдениеттер бірігіп, әдеттегі конкурстық жүйелер де жаңғырып, әр алуан аймақтардан мен ұлттардан және стильдерден құралған 30-дан астам әнші өз дәуірінің алтын әндерін орындайды. Сондай-ақ, фьюжн-хиттердің бірігуі арқылы дәстүрлі музыкалық жобалардың шекарасы жойылады.

Жаңа бөлімде бағдарлама қонағы «Eagle Boy» кодтық есімді орындаушы болды. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері өздерінің сүйікті әншісін еш ойланбастан бірден тапты. Өйткені қыран (бүркіт) бейнесі Қазақстанның негізгі геральдикалық атрибуттарының бірі болып саналады. Бүркіт еркіндік пен адалдықты, батылдық пен абыройды, күш-қайрат пен ой тазалығын, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

Бұл кеште Димаш лирикалық ән мен би жанрындағы үлкен музыкалық формаларды орындап, қытайлық көрермендерді өнерімен баурап алды. Әнші Джордан Аракелянның сөзіне жазылған «Give me your love» туындысын вокалдық шеберлік пен динамикалық хореографияны үйлестіре отырып, өзінің түпнұсқа композициясын орындады. Ән алғаш рет 2019 жылы Мәскеуде Димаштың жеке концертінде орындалып, содан бері Майкл Джексонға трибьют ретінде бұл шығарма әншінің әрбір жеке шоуында шырқалып жүр.

Димаштың «我们的歌 Our Song» / «Біздің ән» жобасына қатысуы келесі шығарылымда жалғасын табады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.