Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қызылордадағы №1 қалалық емхананың ұжымымен кездесті.
Мархабат Жайымбетов емхана ұжымымен кездесті
752
оқылды

Кездесуге партия филиа­лы­ның төарағасы Алмасбек Есма­ханов, партияның қалалық фи­лиалының Атқарушы хат­шысы Гүлшат Мұсаева, Ден­саулық сақ­тау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мир­занова қатысты.

Қоғамдағы тұғыры биік ма­мандықтар ұстаздар мен меди­цина саласы қызмет­керлеріне тиесілі. Бүгінде ұстаздар қауы­мына ұстаз мәртебесі заңды тұр­ғыда іске асқаны мәлім. Кезде­суде медицина саласы мамандары да дәрігер мәртебесін көтеруді ұсыныс ретінде жеткізді.

Депутатпен кездесуде емха­на­ның бас дәрігері Венера Сан­сыз­байқызы дәрілік өнім­дерді уақы­тылы жеткізу мәсе­лесін сөз етті. 

«Дәрілік өнімдерді жеткізумен бүгінде «СК Формация» айна­лысады. Алайда науқастардан сөзді біз естиміз. Мысалы, біз 2025 жылға керекті дәрілер тізі­мін жасақтап, ұсыныс жібердік. Бірақ көп жағдайда ол ұсы­ны­сымыз шамамен келер жыл­дың ортасына қарай жеткізіледі. Оған дейін науқастар тарапы дәріні уақтылы алмағандықтан бізге арызын білдіріп жатады», – деді емхананың бас дәрігері. 

Жиын барысында «Даму мед» бағдарламасының мән-жайы, азаматтардың ай сайынғы тө­лейтін МӘМС мәселесі, емхана ғимаратының қуаттылығы да сөз болды. 

– Мәселен, бүгінде 30 мыңнан аса халыққа қызмет ететін емхана ғимаратының қуаттылығы жетіс­пейді. Сондықтан жаңа ғимаратқа көшкен жағдайда ескі нысанды емхананың филиалы ретінде қал­дырылса, жергілікті халыққа қолайлы болар еді, – дейді ұжым қызметкерлері. 

Атап өтейік, денсаулық сақтау мекемесінің негізі 1975 жылы қаланған. Қазір онда 355 қыз­меткер еңбек етіп келеді. Олар­дың 66-сы – дәрігерлер, 212-сі – орта буын, 15-і – кіші буын қызмектерлері.