«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық және Түркістан облыстық филиалдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің бірлескен жұмыс жиыны болып өтті.
Жемқорлықпен бірлесіп күреседі
760
оқылды

Жиында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бо­йынша «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры» ком­мерциялық емес акцио­нерлік қоғамы аумақтық құ­ры­лымдарының  жұмыс ба­рысындағы сыбайлас жем­­қорлық көріністеріне жол бер­меу және жемқорлық тәуе­келдерін азайту бойынша жүзе­ге асырылып жатқан жұ­мыстардың барысы қаралды.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Қуа­нышбеков бастаған жауапты тұлғалар мен Түркістан об­лыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Шымкент қаласы бойынша және Түркістан облысы бо­йынша филиалдарының жауапты өкілдері, партия фи­лиалдарының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарын МӘМС жүйесіне қосу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың баяндамасы тыңдалды.

Аумақтық партия фи­лиалдары жанындағы қо­ғам­­дық кеңес­тердің бірлескен отырысын қортын­ды­­ла­­ған «AMANAT» партиясы Орталық  аппараты Пар­тиялық бақылау депар­таментінің инспекторы Венера Есілбаева жиынның күн тәртібінде қаралған мәселе өзекті екенін айта отырып, «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ ау­мақтық құрылымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңыз­дылығын айтты. Медициналық қызметтерді сатып алу және медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындау мониторингін жүргізу қажет екеніне тоқталып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бағытында нақтылы қа­дамдар жасалу керегіне баса назар аударды. Жиын қо­ры­тын­дысымен нақтылы тапсырмалар беріліп, олардың орын­далуы қатаң қадағалауға алынатыны мәлімделді.

Бердібек ҚАБАЙ