Бейнежазбада әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков ұлдарына қатысты сұраққа жауап берген.
«Әкесінен жиі таяқ жеген, көп ақша алып келеді»: Қайрат Нұртастың қандай бала болғаны белгілі болды
Фото: видеодан кадр
1,465
оқылды

Әнші Қайрат Нұртастың әкесімен және інілерімен түсірген видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.

Бейнежазбада әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков ұлдарына қатысты сұраққа жауап берген. 

Әкесінің айтуынша, Заңғар жақсы оқыған әрі үй шаруасына жиі көмектеседі. Ұлдарының ішінде тамақты ең көп жейтін әрі заттарын жиі жоғалтатын ортаншысы Аян Нұртас болып шықты.

Ал Қайрат Нұртас жиі кешігеді екен. Сонымен қатар ол бұзық, әкесіне көп ақша алып келетін, балаларының ішіндегі ең көңілді, ең жомарт жан екені айтылды. Мұнымен қоса ол әкесінен көп таяқ жеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.