Қызының тек қуанып жүргенін көргісі келетінін айтты.
«Өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым»: Абай Бегей жантебірентер жазба жариялады
Фото: Instagram/abai_begei
4,860
оқылды

Әнші Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызы Сымбатқа арнап желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қызына әкелік ақ тілегін жолдады.

"Симбиім қызым. Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. "Қыз бала – қонақ" деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені, өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам Мұстафа екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды – бұлт, бауырыңды мұз шалмасын", – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.