Бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, бұршақ, күшті жел: 22 тамызға арналған ауа райы болжамы
1,862
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгін еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Ал Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, қатты жел соғады. Солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында нөсер жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша жел екпіні күшейеді. 

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Сондай-ақ Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.