Жақында тұрмысқа шыққан актриса тағы балалы болуды армандайтынын айтады.
«Бір жылда басымнан бәрі өтті»: Айгүл Иманбаева басынан өткен оқиғаны еске алды
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva
3,795
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева  “Мамский әңгіме” подкастында өмірде бастан өткен оқиғасын айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса балалы болған сәті, бала тәрбиесі туралы сөз қозғады.

“21 жасымда тұрмысқа шығып, 21 жасымда балалы болып, 21 жасымда ажырасқан адаммын. Бір жылда басымнан бәрі өтті. Балама менің берген ең үлкен байлығым – еңбекқорлыққа тәрбиелегенім және кітапқа баулығаным. Адалдық пен адамдыққа тәрбиелегенім. Балам кітапты мүжіп тұрып оқиды. Сосын 6-сыныбынан бастап, үш ай демалысында шетелде ағылшындардың отбасында тұрды. Жыл сайын Малайзия, Венгрия, Лондонға жіберіп тұрдым. Одан кейін ұлымның азамат болып қалыптасуына кітап оқығанның септігі тиді. Біз жарысып тұрып оқитын едік. Ал енді оның бойындағы ибалылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жөнімен сөйлеп, жолымен жүруді мамам үйретті. Күні-түні мамам қасында болды, тәрбиесімен сол кісі айналысты. Тек бір өкінішім бар, ол – ішімдегі махаббатты шексіз бере алмағаным. Мамам жалғыз, мен жалғыз, балам жалғыз болғандықтан ішімізден біреуімізге бас көтеруге тура келді. Сөйтіп өзім еркек, өзім әйел болып, сыртта көп жүрдім”, – дейді. 

Жақында тұрмысқа шыққан актриса тағы балалы болуды армандайтынын айтады.

“Балалы болуға дайынмын. Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.