Бұған дейін қазақстандық спортшылар грек-рим күресінен 2 күміс медаль алған болатын.
Иорданияда әйелдер күресінен қазақстандық спортшылар қола медаль иеленді
Фото: olympic.kz
692
оқылды

Иорданияның Амман қаласында 17 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар ел қоржынына тағы екі медаль салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола медаль иеленді. Ол кіші финалда грекиялық Мэйри Маниден 5:1 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар, 65 келі салмақ дәрежесінде Ұлдана Тілеухан үздік үштікке енді. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде беларусьтік Анастасия Команаваны 17:2 есебімен жеңді.