Әлеуметтік желіде Мырзағали Айтжановтың соңынан Бибосыновтың да құрамадан кететіні туралы ақпар тараған.
Сәкен Бибосынов: Мырзағали Айтжанов ағайымыздың еңбегін ешкім жоққа шығармайды, бапкеріммен біргемін
Фото: ҰОК
1,856
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі  Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан соң мансабын әрі қарай жалғастыратынын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетелік, әлеуметтік желіде Мырзағали Айтжановтың соңынан Бибосыновтың да құрамадан кететіні туралы ақпар тараған. Спортшы  бұл жаңалықтың шындыққа  жанаспайтынын жеткізді. 

"Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет. Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда, үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді. Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін. Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін", - деді Бибосынов. 

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы әрі әлем  біріншілігінің қола жүлдегері (2021,2019), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.