"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі жазғандай, Жетісу облысындағы Үшарал-Достық учаскесін ақылы ету жоспарлануда.
Алматыдан Алакөлге баратын жол ішінара ақылы болады
ҚазАвтоЖол
1,208
оқылды

Алматыдан Алакөлге баратын жолдағы – Талдықорған-Қалбатау-Өскемен учаскесі толық реконструкциядан өткеннен кейін ішінара ақылы болуы мүмкін,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тиісті шешімді Қазақстанның Көлік министрлігі қабылдайды. Оның құны барлық ақылы жолдарға арналған есептік көрсеткіштерге сәйкес жыл сайын өзгеріп отырады. Бүгінде  бұл көрсеткіш бір шақырымға бір теңгені құрайды.

Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, республикалық трассаның бұл учаскесі тек жүк көлігі үшін ғана ақылы болады. Ал жеңіл автокөліктер тегін жүре береді.

Келісімшартқа сәйкес жобаның аяқталу мерзімі – 2024 жылғы желтоқсан. Қазіргі уақытта жол төсемінің реконструкциясы аяқталды. Мердігер болып саналатын халықаралық қытайлық компаниялардың біріне ауа райына байланысты емес жұмыстарды орындау ғана қалды: қоршау, жарықтандыру тіректерін орнату, қалпына келтіру, шулы жолақтар салу және т.б.

"ҚазАвтоЖолдың" Жетісу филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаевтың айтуынша, Көлік министрлігі жол учаскелерінің бірі ақылы болатыны туралы құжатқа нысанды қабылдағаннан кейін – яғни, 2025 жылы қол қоятын болады.