Олардың тойы карантин кезінде алты адаммен өткені белгілі болды.
Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым: Тамара Асар пандемияда тұрмысқа шыққанын айтты
Фото: Instagram/tamara_assar_official
1,174
оқылды

Белгілі әнші Тамара Асар COVID-19 пандемиясы уақытында тұрмысқа шыққанын, мәһрге көлік алғанын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі Қостанай қаласына келін болып түскен.

«Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін, Бапасы (жолдасым) «біз де той жасайық» деген ұсыныс айтты. «Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік» дедім», – дейді Тамара Асар.

Ол өз сөзінде пандемия уақытында өткен тойы туралы да айтып өтті.

«Біздің тойымыз карантин кезінде алты адаммен өтіп еді. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым.

Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін», – деп жазды әнші.