Көлік жүргізушілеріне тағы ескерту жасалды.
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесі жабылды
Астана әкімдігі
894
оқылды

Сығанақ көшесінің учаскесі ішінара жабылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сығанақ көшесінің сол жақ жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді",  дейді жергілікті әкімдік.

Осыған байланысты 24-26 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі, – деп толықтырды ведомство.

Қала тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.