Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі.
Қазақстан қоржыны каноэде есуден әлем чемпионатында қола жүлдемен толықты
Фото: Владислав Семенов
789
оқылды

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық  спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған. 

Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі. Айта кетелік, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын. 

Айта кетелік, Самарқандтағы әлем біріншілігінде жалпы есебі 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.