Оқырмандары әншіге қолдау білдіріп, бақыт тіледі.
«Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық»: Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезі туралы айтты
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova
1,845
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезін еске алды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі келін болып түскенде жолдасымен қос ұстасып жүре алмағанын айтады. Өйткені ауылдастарынан ұялған.

«28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады бізді. Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. «Ұят, масқара» деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар иә».  Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуімен қол ұстасып бара жатқан видео жариялап, осындай жазба қалдырған.

Оқырмандары әншіге қолдау білдіріп, бақыт тіледі.

«Негізі махаббат енді басталады. Жас кезде үй дейсіз, бала-шаға деп жүресіз. Қуанышты күндеріңіз көп болсын, өте керемет жұпсыздар», «Жаңадан үйленген жас жұбайлар сияқтысыздар», «Шаңырақтарыңды әрқашан махаббат әні, бақыт жыры тербетсін» деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.