Екеуінің де соңғы белгілі тұрғылықты жері Алматы қаласы.
Алматыда із-түзсіз жоғалған екі адам іздестіріліп жатыр
1,048
оқылды

Сот хабар-ошарсыз кеткендер жайлы қандай да бір мәлімет білетін азаматтарды үш ай ішінде полицияға ақпарат беруге шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Ибрагимов М.С. өндірісінде Тлепова Нағима Амреевнаның екі адамды: Алматы қаласының тумалары, 1972 жылы туған Сермагамбетов Мұхтар Абдулович пен 1974 жылы туған Абдул Жанат Абдулқызын қайтыс болды деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралуда. 

Екеуінің де соңғы белгілі тұрғылықты жері Алматы қаласы, бірақ соңғы жұмыс істеген жері туралы мәлімет жоқ.

Сот аталған тұлғалардың орналасқан жері туралы мәліметі бар кез келген адамды үш ай ішінде Алматы қаласы, Орбита 2 шағын ауданы, 20а корпусы мекенжайына хабарлауын сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.