Қаратөбе аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Қарабаев Марлен Сахметұлы 42 жасында мезгілсіз қайтыс болды.
"Артында 5 баласы қалды: БҚО-да полицей әйелімен бірге жол апатынан көз жұмды
Фото: БҚО ПД
5,312
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан полицей жұбайымен бірге көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

"2024 жылдың 24 тамызында әріптесіміз – Қаратөбе аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Қарабаев Марлен Сахметұлы 42 жасында мезгілсіз қайтыс болды. Ол көп жылдар құқық қорғау саласында қызмет етіп, еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымына дейін жеткен еді. Ішкі істер саласында абыройлы еңбек етіп, заң мен құқықтық тәртіпті сақтауға, қоғамдағы әлеуметтік мәселелелерді шешуге де белсене атсалысты. Әріптесіміз жұбайымен бірге жол апатында көз жұмды", – делінген хабарламада.

Марқұмдардың артында бес баласы қалған.

Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Қазталов-Орал тасжолының Жалпақтал ауылының маңында болған. "ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған КАМАЗ көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала. Анықталғандай, қайтыс болған тағы екі адам ерлі-зайыпты. Олардың артында жеті баласы қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.