Жауынгерлік дайындық іс-шаралары Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен құралдардың қозғалысымен ұштасады.
5 облыс бойынша әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі шектеу енгізілетінін ескертті
Фото: Қорғаныс министрлігі
3,202
оқылды

Қазақстанның 5 облысында әскери техника жүріп өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 2-13 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигоны базасында «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда. 

«Жауынгерлік дайындық іс-шаралары Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен құралдардың қозғалысымен ұштасады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы жылдың 26 тамызынан бастап бөлімшелер аралас тәсілмен, яғни теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пунктеріне де солай оралады», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. 

Осыған байланысты министрлік ел тұрғындарынан таратылатын қауесетке көңіл аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.