Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұлға сотталды.
"400 мың теңге алып, 12 миллион қайтарды": Жамбыл облысында әкімнің міндетін атқарушы сотталды
Фото: istockphoto.com
2,133
оқылды

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және жеке компания өкілі А. Шұбаев сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап.

Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған.

"Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұлға сотталды", – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.