«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы әйелдер қанатының кеңесшісі Айман Ашимова Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданында болып аудандарының белсенділерімен кездесті.
Әйел кәсіпкерлердің жұмысымен танысты
663
оқылды

Кеңесші алдымен партияның Байзақ аудандық фи­лиалы «Кітап- AMANAT» орталығында ауданның бел­сенді әйелдер қауымы, маслихат депутаттары мен БПҰ төрайым­дарымен кездесіп, қоғамдағы әйел қауы­мының қызметі мен белсенділігі және отбасы, бала тәрбиесіндегі әйелдердің рөлі турасында еркін форматта кеңес өткізді. Шара бары­сында ол партия тарапынан әйел кәсіпкерлерге қолдау, оның ішінде әйелдер қанаты тарапынан жа­салатын жұ­мыстар мен қолдаулар жайында айтып өтті. Сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беріп, партияның аудандық филиалы әйелдер қанаты кеңесшісі ретінде аталмыш филиалдың ұсынысымен партия мүшесі Күнсая Амирова сайланды. Сапар барысында «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында Үлгілі ауылының тұрғыны, маслихат депутаты, кәсіпкер Ләйла Беспаеваның «Қыз жасауы» тігін цехында болып, ұжымның жұмысымен танысты. Сондай-ақ Жетібай ауылындағы жеке кә­сіпкерлер Индира Оралбекова мен Нұрсұлу Сай­лау­бекованың бірлесіп ашқан черепица және профнастил шығару цехының жұмысын көріп, сәттілік тіледі. 

Келесі кезекте кеңесші Жамбыл ауданына табан тіреп, аудандық мәслихат фракциясының әйел мүшелері, облыс­тық мәслихаттағы ауданнан сайланған әйел депу­таттар, бастауыш партия ұйымдарының әйел тө­ра­ғала­рымен және «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алған әйел­дермен кездесу өткізді. Бұл  ауданда да пар­тияның аудандық фи­лиалы әйелдер қанаты кеңесшісін бекітіп, одан кейін Қара­кемер ауылдық округіндегі кә­сіпкер Жайна Бекна­зарова ашқан жеке кәсіптің жұ­мысымен танысты.