Қайғылы оқиға 25 тамызда сағат 03:30 шамасында болған. 
Семей-Өскемен тасжолында апат салдарынан 3 адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com
608
оқылды

Семей-Өскемен тасжолында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Абай облыстық ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 25 тамызда сағат 03:30 шамасында болған. Белгілі болғандай, Toyota Land Cruiser мен Nissan Еlgrand маркалы көліктер соқтығысқан.

Бүгінде Абай облысының полициясы осы факті бойынша тергеу жүргізуде.

– Апат салдарынан 1 жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды, – деп мәлімдеді Абай облысы ПД.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс Абай облыстық Полиция департаменті басқармасының бақылауында, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.