2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланды.
Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашылады
Фото: Freepik
735
оқылды

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейсті 2025 жылдың соңында ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Канадаға сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) басшылығымен кездесті.

«Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мен слот алу мәселелерін талқылады. Осылайша, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланды. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет орындалады деп көзделген», - делінген хабаламада.

26-30 тамыз аралығында Астана қаласында FAA сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1 (CAT1) санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Канада арасында да тікелей әуе рейсін ашу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.