Конституция – ел тәуелсіздігінің, мемле­­кеттігіміздің негізгі ті­регі. Оны мемлекеттің саяси-құқықтық төл­құжаты деп бекер ата­майды. Себебі Консти­туция ең алдымен мем­лекеттің қандай жолмен дами­­тынын, басты құн­ды­лықтарын өлшеп-пі­шіп, айқындайды.
Заң үстемдігі – әділетті қоғам негізі
776
оқылды

Ата Заңның 1-бабының 1-тар­мағында Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құ­қықтары мен бостан­дықтары болып табылатын демо­кратиялық, зайырлы, құ­қықтық және әлеуметтік мем­лекет ретінде орнық­тырады делінген. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әді­лет­ті  Қазақстан – заң мен тәртіп үстемдік құратын ел» деді. Жаңа қоғам қалып­тас­тыруда бұл қағида біздің ұра­нымызға айналуға тиіс. Барлық аза­маттың заң ал­дындағы тең­дігінің кон­сти­туциялық қағидаты сақтал­маған жерде әділетті мем­лекет құру мүмкін емес. Құ­­­қық­тың үстемдігі – кез кел­ген демо­кратияның ажы­рамас бөлігі. Қо­ғам және құ­қықтың үс­темдігі ұғы­мы­ның өзі барлық ше­неу­ніктен кез келген адам­ға өзі­нің қа­дір-қасиетін құр­мет­теп, тең­дік қағидатын сақ­­­тай оты­рып, ұтымды және құ­­­қыққа негізделген қа­рым-қатынас жасауды талап ете­ді. Мем­лекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық құ­рыл­тайдың үшінші оты­­ры­сында ұлттың жаңа кел­­бетін айқын­­дайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құнды­лық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мем­лекет жүген­сіз­дікке, тәртіпсіздікке және бей­берекеттікке ешқа­шан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете тү­сінуі тиіс. Бар­ша азамат барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік же­­ліде де заңды мүлтіксіз сақ­тауы керек. Заңға қайшы ке­летін, қоғамға іріткі сала­тын және арандатушылық пи­ғылдағы кез келген әре­кетке қатаң тыйым салы­нады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқай­сы­мыз жауапты­мыз», – деп атап көрсеткен еді. Бұл дегеніміз мемлеке­тіміздегі ты­ныш­тықты және азамат­­­тары­мыз­дың қауіп­сіздігін қам­тамасыз етуге баса мән беруін өте орын­­ды айтылған талап деу­ге болады. Шынында, заң мен тәр­тіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі. 

Даңқты қолбасшы Б.Мо­мыш­ұлының: «Тәртіпке ба­ғынған құл бол­майды» деген сөзіндей, барлық ортада әр­­­­­бір азамат өзін әдепті, мә­дениетті һәм тәртіпті ұстаса, мемле­кетте ты­ныш­тық ор­нап, іс­теген істе бере­ке бо­­лып, адам­­­дар арасында тату­лық орнайды. Ол үшін алды­мен азаматта­рымыздың құ­қықтық санасы мен құ­қық­тық мәде­ниетін жаңа сапа­лық дең­гейде көтеруіміз керек.

Қазіргі қалыптасып отыр­­­ған жағ­дайда көшедегі ке­­леңсіздіктер мен ұсақ құ­­қық­бұзушылықтан бастап кез келген қылмыстық құ­қық­­бұзу­шы­лықтың қай тү­ріне болмасын бүкіл қоғам болып ымырасыз күрес жүр­гізуді Прези­ден­тіміз дер ке­зінде көтерді. 

Заң мен тәртіп консо­­­­лидациялық жобасы бо­­­йын­ша құқықбұзу­­­­шы­лықтың кез келген түріне мүлде төз­бей­тін әрі оны қатаң айып­тайтын жағдайды мемле­­­кет­те қалып­тастыра білуіміз керек.

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қа­­зақ­­­стан халқына Жол­­­дауында құқық қорғау ор­гандары әр­­­дайым қоғамның жіті наза­рында екенін айта келе, бұл саланы рефор­­ма­лауды тап­сырған болатын. Жолдауда айтылған отба­сылық зорлық-зомбылықты қылмыс сана­тына жатқызу мәселесі қо­ғамда кең талқы­ланып, биыл 15 маусымда тұрмыстық зор­лық-зомбы­лыққа қарсы заң қолданысқа енгізілді. Құ­жатқа сәйкес, бұрын әкім­шілік іс сана­латын отба­сын­дағы ұрып-соғу жағдайлары енді Қыл­мыстық кодекспен қарала­ды. Ал іс қозғау үшін жәбір­ленушінің ары­зы қажет емес. Полиция қызмет­керлері фото-видео айғақтар мен көр­ші, туыс­тарының сөзіне сүйеніп, тергеу жүр­гізе алады. Әрі тарап­тарға екінші рет татуласуға мүм­кіндік беріл­мейді. Осы­лайша, денсау­лыққа жеңіл зардап келтір­гендер бұрын 55 мың теңге айып­пұл төлеп немесе 15  тәу­лікке қамалса, енді 738 мың теңге айыпппұл төлейді не­месе 50 тәулікке қамалады. Жеңіл дене жара­қатын алған жағдай үшін де жаза қатаң­датылды. Зорлық-зомбылық көрген адам сөйлеу, көру, есту қабі­ле­тінен айырылса немесе еңбекке жа­рамсыз деп та­нылса, онда бұл іс денсау­лыққа ауыр зиян келтірді ба­бына жа­тады. Мұндай жағ­­дайда агрессор 3 жыл­дан 8 жылға дейін сотталады. Бас бостан­дығын шектеу жазасы қарас­тырылмайды. Ал жә­бірле­­­нушіге жеңіл, орташа не ауыр зиян келгенін сот-ме­дициналық сараптама анық­тайды. Бұдан бөлек, заң жо­басында жанжал шығар­­ған адамды тәртіпке салу те­тіктері қамтылған. Ол бір айға отба­сы­нан оқшау­ланады, жағдай ушықса 3 айдан 1 жылға дейін әйелі мен бала-шағасын көруге тыйым салынады.

Соңғы жылдары қоғамға қатер төндірген қылмыс­тардың бірі – син­тетикалық есірткінің жолына тосқауыл қою мәселесі басты назарға алынды. Синтетикалық есір­т­­­­кіні өндіруге және та­ратуға қарсы күресті жал­пыұлттық деңгейде жүргізу мақсатында Үкімет Қау­­лысымен ҚР-ның наша­қорлыққа және есірткі биз­несіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған ке­­шенді жоспары бекітіді. Қабылданған Жоспар атал­ған бағыттар бойынша ша­­ра­лар кешенін жүзеге асы­руға мүм­кіндік береді. Нәти­жесінде, 2025 жылға қарай есірткі тұтыну­шы­лардың санын азайту, есірткіге тә­уел­­­діліктен ұзақ мерзімді ремиссиясы бар кәмелетке толмағандар са­нын 15%-дан 20%-ға дейін арттыру, сон­дай-ақ есірткі тұтыну­шы­ларды 26%-дан 30%-ға дейін медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамту жоспар­ланған.

Шымкент қалалық По­ли­ция депар­таментінде жыл басынан бері есірткіге қаты­сты 313 құқықбұзушылық анық­талса, оның 75-і қыл­мыстық іске са­раланған. Ал 238-і – қылмыстық теріс қы­лықтар. Қала аумағынан есірткі өн­діретін 1 фито­зерт­хана мен син­тетикалық есірт­­кі дайындайтын 1 зерт­хана анықталды. Синтети­­­калық есірт­кіні сату және таратумен айна­лыс­қандарға қатысты 31 қылмыстық іс қоз­­­ғалған. Барлығынан 80 келі 531 грамм есірткі өні­мі тәркіленген. 

Тәртіп сақшылары ин­тернет және телефон арқы­лы жасалатын алаяқтық әре­­кеттермен күресті кү­­­шей­тіп, аза­маттардың құ­­қықтық жә­не қаржылық сауа­тын арт­тыруда көптеген шараны қолға алды. 

Халқымыз – мемлекеттің ең басты байлығы болса, Конституциямыз – хал­қы­мыздың ең басты байлығы. По­лиция қызметкерлері тұр­ғындардың құқын қор­ғауда Конституцияны не­­гізге алып, заңның үстем­дігін сақтауды көз­дейді. Заңның алдында барлығы бірдей, ешкім заң­нан жо­ғары бола алмайды. 

Сол үшін Ата Заңы­мыздың қадірін біліп, елі­міздің әр азаматын Ата Заң­ды жетік меңгеріп, бабалар аманатына адал болға­нын­дай, Ата Заңға да адал бо­луға, заң талаптарын сақтап, әділетті қоғам орна­туға үлес қосуға шақырамын. 

Думан ТАЕВ,

Шымкент қаласы 

Полиция департаментінің басшысы, 

полиция генерал-майоры