Іздестіріліп жатқан күдікті – Өзбекстан азаматы.
«Сыйақы беріледі»: ҚМА аса ірі мөлшерде ақша жымқырған әйелге халықаралық іздеу жариялады
4,443
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарып, азаматтардың ақшасын жымқырған алаяққа халықаралық іздеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан Ташкент қаласының тумасы.

– Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko  қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған, – делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Нақты айтқанда,  Thefiniko  компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып саналмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

ҚМА іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

  • +7-701-218-05-23 –  іздеу бойынша,
  • +7-727-279-29-56 –  кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.