Жасанды интеллект адамның түстерін жазып алып, қайта көрсету мүмкіндігі туралы bgr.com сайтында жарияланған мақалаға Aikyn.kz түсініктеме береді.
Адамның түстерін жазып алып, қайта көрсету ғылыми фантастика емес. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторы: Danjor Linens
Адамның түстерін жазып алып, қайта көрсету бүгінде жасанды интеллект төңірегінде айтылып жүрген көптеген ғылыми фантастикалық сандырақтың бірі болып көрінуі мүмкін.
Егер ЖИ әдемі түстеріңізді жазып алып, сізге қайта көрсетсе ше? Бұл aikyn.kz жиі көтеретін көптеген ЖИ тақырыбы болғанымен, ғылыми фантастика емес. Ғалымдардың ұсынған әдісі адамның түсін жазудың жаңа концепциясына ұқсайды. Мұндай технология біз ойлағаннан да тезірек жасалуы мүмкін. Лондон университеттік колледжінің ғалымы Питер Бентли осындай болжам айтады.
Доктор Питер Бентлидің BBC-дің Science Focus журналында жарияланған мақаласында «ЖИ біздің түстерімізді жаза ала ма?» деген мәселені талдайды. Бұл сұраққа оң жауап берген доктор «ЖИ мұны жасай ала ма?» емес, «ЖИ оны қашан жасайды?» деген мәселеге назар аударады.
Адамның түсін қайта көрсету үшін магниттік-резонансты томографияның деректері қажет. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
Шын мәнінде, ғалымдар қазірдің өзінде түстер мен ми толқындарын жазумен айналысып жатқанын білеміз. Олардың ойынша, адамның түсін жазып алып, қайта көрсету үшін бізге ұйықтап жатқан еріктілерден алынған көптеген функционалды магниттік-резонансты бейнелеу (магнитті-резонансты томография, fMRI) деректері қажет. Мұндай болжамның қаншалықты дәл екенін білу үшін еріктілер көрген түстерін егжей-тегжейлі есте сақтауы да маңызды.
Бұл түстерді жазудың ең қиын бөлігі болуы мүмкін және мұндай сенімді деректерді қалай алуға болатынын ғалымдар әлі де нақтылай түсуде.
Видео көрген, аудио тыңдаған немесе мәтінді оқыған кезде мидың белсенділігін жазып алуға МРТ қолданылуда. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторы: Adobe / Stockdevil
Бірақ бұл салада көптеген зерттеулер жүргізілуде: мыңдаған видеоларды көріп отырған, аудио тыңдаған немесе мәтінді оқыған кезде мидың белсенділігін жазып алуға функционалдық магниттік-резонансты томография (fMRI) қолданылуда. Мұндай зерттеулерді жапондық ғалымдар жүргізе бастаған. Осы МРТ деректерін ЖИ-ге талдауды үйрету арқылы болашақта адамның көрген түсін жазып алып, кейін көрсететін ЖИ жасауға болады.
Доктор Бентлидің мақаласында айтылғандай, ЖИ-дің мұндай түрін жасау үшін бізге көптеген МРТ (магнитті-резонансты томография) деректері қажет болады. Дегенмен ЖИ зерттеулері мен әзірлемелері қаншалықты жылдам жүріп жатқанын ескеретін болсақ, енді бірнеше жылда мұндай түс жазатын жүйе жасалуы да ғажап емес.
МРТ деректерін талдап, түстерді қайта көрсететін ЖИ адамның ойындағысын оқи алмайды. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Brookhaven National Laboratory
Бірақ бір ескерту бар. МРТ деректерін талдап, түстерді қайта көрсете алатын ЖИ адамның ойындағысын оқи алмайды. Ол тек адам ұйықтаған кезде ми белсенділігі жазылған МРТ деректері негізінде өзі үйретілген түстермен сәйкестендіре отырып, адамның көрген түсін видео түрінде көрсететін болады.
Зерттеушілерге арналған тағы бір сұрақ бар. Адамның көрген түсін жазып алып, оны қайта көрсетудегі мақсат қандай? Ғылыми немесе практикалық құндылығы қандай?
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.