Экс-министр Президент пен Үкіметке алғыс білдірді.
«Өмірімдегі маңызды кезең болды»: қызметтен кеткен Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz
774
оқылды

Қызметінен босаған Ермек Маржықпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін», – деп жазды экс-министр.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.