Ол екі оқиғаны салыстырып, әйел затын қорламау керегін атап өтті.
«Алты жыл жүріп, қалай зорлады?»: Әнарудың адвокаты көпшіліктің сұрағына жауап берді
Фото: ашық дереккөз
1,888
оқылды

Боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты істе Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің сауалына жауап берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

«Баян Есентаеваның (Алагөзова) ісі естеріңізде ме? Бірінші күйеуінің қандай баптармен сотталғаны? Бақытбек Есентаевтың сотталған статьяларының бірі зорлау еді ғой. “Алты жыл жүріп, қалай зорлады дейді? Өзі жүрген ғой” дегендердің есіне салып отырмын. Бақытбек Баянмен пәлен жыл бір шаңырақта тұрған, ортақ балалары бар, заңды күйеуі болған. Бағана бір типа еркек “ашыналар шықты, енді күйеуім зорлады деп шығатын қазақ әйелін күтеміз” депті. Сұмдық тауып айттым деп жазды ғой, енді, өзінің түсінігінде. Күйеуін зорлағаны үшін соттатқан қазақ әйелі барын ұмытып кеткен-ау. Пәлен жыл өз еркімен болып келген өз әйелі ғой, неге зорлады деп, жыныстық қатынасқа түскені үшін іс қозғалып, сотталды, Баянның экс күйеуі?…», – дейді адвокат.

Ол екі оқиғаны салыстырып, әйел затын қорламау керегін атап өтті.

«Өйткені соққыға жыққанымен қоймай, ауыр халде жатқан дәрменсіз әйелмен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Кейбіреулерге осылай заң тілімен түсіндіруге мәжбүр боп отырмын, айып етпессіздер. Әнарудың да жағдайында осылай болған. Алты жыл бойы емес, алғашында дәрі беріп, арам ойын жүзеге асырып, сосын арызданбасын деп, алдап-арбап келген. Ал, ең соңғы кездесуде сөйлесіп, ара қатынасын айқындап алғысы келген қызға күш көрсетіп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Осы әрекетті зорлау деп атайды. Қадірменді ұятсыз еркекті ақтаушы ағайын, түсіндіре алдым ба? Әлсіз әйел затын қорлауда ауызға абай болайық, бәріміз қыз өсіріп отырмыз. Өмір-бумеранг…», – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.