ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы валюта бағамына қатысты пікір білдірді.
Доллар бағамы 500 теңгеден асуы мүмкін бе?: Ұлттық банк төрағасы жауап берді
Фото: zakon.kz
5,465
оқылды

ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы валюта бағамына қатысты пікір білдірді. Ол доллар құны 500 теңгеден асып кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білетіндей, қазір биржада 482-483 теңге (доллар курсы – ред.), бұл біз екі апта бұрын да байқаған деңгей", – деді Сүлейменов.

Сондай-ақ ол доллар құны 500 теңгеге дейін жетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

"Жоқ, доллар 500-ден асып кететіндей фактор көріп тұрған жоқпыз", – деді ҚҰБ басшысы. Оған қоса Ұлттық банк төрағасына еуро бағамы 600-ге жетуі мүмкін бе деген сауал қойылды. "Біз теңге – доллар бағамына көбірек назар аударамыз. Бұл біз үшін аса маңызды, өйткені халықаралық сауда операцияларының көпшілігі теңге-доллар бағамы арқылы өтеді", – деп жауап берді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.