Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Павлодарда футбол бапкері кішкентай қызға азғындық әрекет жасағаны анықталды
449
оқылды

Желіде Павлодарда футбол бапкерінің кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Aikyn.kz.

Өңірлік полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлім етті. Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.

«Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ПД хабарламасында.